Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да инклюзивті білім беру бойынша халықаралық вебинар өтті

14 қараша – халықаралық логопедтер күні. Осы күні «Инклюзивті білім беру: инклюзивті топтармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында халықаралық вебинар өтті.

Вебинарды Армавир педагогикалық университеті (Ресей) мен «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың психология және коррекциялық педагогика кафедрасымен бірлесе өткізді. Шараға «Ақниет» мектеп-интернаты да қатысты.

Вебинар мақсаты – педагогтарға инклюзивті білім саласында ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету. Іс-шарада Қазақстан мен Ресейдегі мүгедек балаларға білім беру мәселелері қаралды.

Семинарға дефектология мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Логопедтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қашықтық технологиялар арқылы логопедиялық жұмыстар ұйымдастыру туралы бейнефильм көрсетілді.

Іс-шара ШҚМУ мен Армавир университеті арасындағы ынтымақтастық аясында өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo