Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да инклюзивті білім беру бойынша курс өтуде

15-19 қаңтар аралығында Біліктілікті бекіту орталығында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған  «Инклюзивті білім беру мекемесі жағдайында ерекше білім беру сұранысына ие балаларды қолдау» біліктілікті арттыру курсы өтуде. 

Курс  мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде ерекше білім беру сұраныстарына ие оқушыларды оқытудың заманауи талаптары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту, инклюзивті білім беру стратегияларын жүзеге асыру құзыреттіліктерін игерту, инклюзивті топтарда оқу үдерісін жоспарлауға үйрету.

Курсты ШҚМУ-дың инклюзивті білім беру жөніндегі координаторы, психология магистрі Ж. Смаилова, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к., доцент Р. Төлепбергенова, пс.ғ.к., доцент Е. Северинова, №21 қосалқы мектептің дефектолог-мұғалімі О.Коваленко, Нашар көретін балаларға арналған мектеп-балабақша кешенінің әдіскері, тифлопедагог  Л. Чернавина жүргізуде. Курс барысында теориялық мәселелерді талқылаумен қатар, тренингтер жүргізілуде.

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo