С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім мазмұнын жаңарту аясында инклюзивті білім беру іске асырылуда.
«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша оқу бағдарламасы білім мазмұынын жаңартуды ескере отырып әзірленген. Оқу бағдарламасына сай пән мазмұны да өзектілендірілген.
«Инклюзивті білім берудің мәселелері» және «Инклюзивті білім берудің құқықтық және экономикалық негіздері» пәндерінің мазмұны да қайта қарастырылды.
Оқу жылынан бастап барлық педагогикалық білім беру бағдарламаларына «Әлеуметтік психология және педагогика», ал «Дефектология» білім беру бағдарламасына «Инклюзивтік мектептегі дефектологтың қызметі» пәні енгізілді.
Баспасөз қызметі