Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да инклюзивті білім беруді әдістемелік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша курс өтуде

27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығында «Өрлеу» ШҚО БАҰО АҚ филиалының тренерлеріне арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында инклюзивті білім беруді әдістемелік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» біліктілікті арттыру курсы өтуде. 

Курсты университет ғалымдары, «Ақ ниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатының директоры, дефектолог Светлана Кривицкая, Негізгі орта мектеп директорының орынбасары Елена Проскурякова өткізуде.

Курстар барысында мұғалімдер инклюзивті білім берудің теориялық мәселелерін зерттейді, сонымен қатар мұғалімдердің сабақтарына қатысады, онда балалармен түзету жұмыстарының әдістерімен танысады.

Курстың практикалық бөлігі мектеп-интернаттың базасында өтуде. Бұл инклюзивті білім берудің психологиялық қырларын тереңірек түсініп, жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқудың жағымды психологиялық ахуалы, коллабративті орта, зерттеу мен шығармашылық еңбекке құрылған, белсенді оқу жақсы нәтижелер береді деген сенімдеміз. 

Курсты аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

                                      Кәсіптік даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы

Қазақ
× You found a Typo