Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да институционалдық аккредиттеу бойынша комиссия өз жұмысын бастады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да сәуірдің 8-інен 10-ына дейін институционалдық аккредитация өтеді.

Алғашқы күні, түске дейін Сыртқы сараптама тобының мүшелері Бақылау кеңесі мүшелерімен, ректормен, проректорлармен кездесіп, №5 оқу ғимаратын аралап шығуы тиіс.

Түстен кейін ССТ мүшелерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, студенттермен, оқытушылармен, магистранттармен, докторанттармен жүздесулері, №4 және №5 Студенттер үйлеріне баруы жоспарланған.

Аккредитация кезінде сарапшылар құжаттарды тексереді, оқу ғимараттарын, инфрақұрылым нысандарын аралап көреді, ССТ іс-тәжірибе базаларына барады.

Сондай-ақ, сыртқы аудит бағдарламасы бойынша аккредиттеу жоспарында студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, түлектермен, оқытушылармен және жұмыс берушілермен сұхбаттасу да бар.

КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ

Сараптама тобының жетекшісі:

Байболов Қанат Сейітжанұлы – М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры,  PhD докторы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.    

Халықаралық сарапшы:

Обозный Дмитрий Александрович – «Новосібір ұлттық зерттеу университеті» ЖБ ФМАББМ ғылыми зерттеулерді сүйемелдеу және талдау басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.                        

Ұлттық сарапшылар:

Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Әбдірахман Гүлнар Қабылқалымқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, аккредиттеу және СМК орталығының басшысы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті.      

Жұмыс берушілер өкілі:

Филатова Ольга Николаевна - Өскемен қаласы №32 орта мектебінің директоры.

Білім алушылар өкілі:

Серіктаева Аяжан Серіктайқызы – Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ математика және компьютерлік модельдеу мамандығының 2 курс студенті. 

Сараптама тобының үйлестірушісі:

Имашева Бағдат Сәкенқызы – жоба жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор.

Фото https://cloud.mail.ru/public/4k3f/2d3kZs4EB

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo