- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ қызметкерлері облыстық әкімдікпен бірге «Интеллект.VKO» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Бұл жүйе – Қазақстан мен әлемнің білім ресурстарына қолжетімділіктің бірыңғай терезесі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру аясында оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова басқарған ШҚМУ қызметкерлері, облыс әкімдігімен бірге жобаны әзірлеуде. Жоба менеджерлері – физика-математика ғылымдарының докторы М.К. Қылышқанова, педагогика ғылымдарының кандидаты И.C.Стеблецова.
Интернет-портал әлемдік және отандық ғылым мен техниканың, мәдениеттің жетістіктеріне үш тілде қол жеткізу мүмкіндігін бермек. Жоба 2022 жылы аяқталады.
Ректорат