10-сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің әдістемелік аптасы аясында онлайн-әдістемелік аптаның 5-ші күні өтті.
Оған университет пен экономика және құқық факультетінің оқытушылары қатысты.
Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы А. Асубаева «Жұмыс орындағы стресс» тақырыбында практикалық онлайн-сабағын интерактивті әдіспен өткізді.
Оқытушы «Менеджмент» мамандығының 2-курс студенттеріне стресс табиғаты туралы түсінік бере отырып, кәсіпорын қызметінде стресс жағдайын жеңу жолдарын талқылады.
Экономика және құқық факультеті