Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да кафедра меңгерушілер мен эдвайзерлерге арналған семинар-тренингі өтті

28 тамызда  «Қазіргі замандағы оқу-тәрбиелеу үрдісіндегі эдвайзердің рөлі» тақырыбы бойынша оқыту семинар-тренингі өтті. Модератор - Ровнякова И.В., п.ғ.к., оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.

Семинар барысында университеттің академиялық белсенділігін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Ровнякова И.В. «Жаңғырту 3.0» контекстінде экономиканың жаңа моделі шеңберінде білікті кадрларды даярлау туралы; бағдарламаны жаңғырту, кадрлар құрамын және материалдық-техникалық базаны жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру туралы айтып өтті.  Мамандарды даярлау барысына жұмыс берушілерді  тарту жұмысын күшейту бойынша шараларға назар аударылды.

Семинар-тренинг тыңдаушылар Орталық Азиядағы білім беру хабын дамыту туралы хабардар етілді.

Стеблецова И.С., п.ғ.к., ОББжАСД директоры, Виноградова М.В., магистр, ОҮБжҰБ бастығы ҚР БҒМ негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарына өзгерістер енгізілгені туралы мәлімдеді.

Машекенова Ә.Х., т.ғ.к., ӘЖІТжЖОБ бастығы бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге эдвайзерлердің рөлін ерекше атап өтті.

Медеубаева Б.З., магистр, ЖООК БББ бастығы көрініс ретінде «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ эдвайзерлердің қызметін  ұйымдастыру  ережесі» бойынша негізгі функциялары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудегі эдвайзерлердің рөлі туралы мағлумат берді.

Курметова Б.К., магистр, ТО бастығының м.а. оқу пәндеріне тіркелу ережелерімен таныстырды.

Эдвайзерлер Алимбекова Н.Б. - математика кафедрасының және Тұрарова Г.У. - психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылар эдвайзерлердің жұмысында проблемалық мәселелерді анықтау үшін сауалнама жүргізді.

Қорытындылай келе семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттармен марапатталды.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo