14 қаңтардан бастап Біліктілікті бекіту орталығында музыкалық мектеп педагогтарына, хореографтарға, би ансамбльдері мен үйірмелерінің жетекшілеріне арналған «Ұлттық және классикалық билердің режиссурасы мен қойылымы» біліктілік курсы өтуде.
Оған балабақша, музыкалық мектептерден келген 13 тыңдаушы қатысуда.
Курсты республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, жоғары санатты педагог-хореограф Тимур Қожахметов жүргізуде. Аталмыш курс тыңдаушылар сұранысына ие болуы себепті Семей қаласының балет мектебінде қайталап өткізілмек.
Біліктілікті бекіту орталығы