Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да "Қалың қалай студент?" акциясы өтті

Көптеген жастарға арналған акциялар мен жобалар бастауы болатын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  5 сәуір күні тағы да бір ерекше «Қалың қалай студент?» акциясы болып өтті.

Акция барысында Нұр Отан партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрайымы Бақыт Маржан және де Өскемен қалалық жастар орталығының маманы Маxмұтов Ерасыл оқу ордамыздың 5 студенттер үйіне қонақ болып қайтты. Қонақтарымызға университетіміздің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілxайыр, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Басбақбаев Қайыржан, Серпін жастарының сардары Анас Бақдәулет көмек көрсетті.

Кездесу барысында әртүрлі мәселелер айтылып, әңгіме дүкен құрылды. Алдағы жоспарлар айтылып, көптеген студенттерге арналған жеңілдіктер және бос уақытты тиімді пайдалану, жастардың белсенділігі сонымен қатар, Өскемен қалалық Жастар Мәслиxаты жайлы сөз етілді. Өте қызыққа әрі тиімді ақпараттарға толы акция болды деп ауыз толтырып айта аламыз! Осындай акциялар мен жобаларды ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, әрдайым қонақ болып келіп тұрыңыздар дегіміз келеді!

Қоғамға маңызы бар, тың жобаларға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің есігі әрдайым ашық.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo