Бір айлық акция аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері бірқатар қайырымдылық іс-шараларын өткізеді.
Олардың қатарында балалар мен қарттар үйлеріне, ардагерлердің, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың пәтерлеріне барып, көмек көрсету сияқты шаралар бар.
Акцияның ашылу рәсімінде тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Назым Аманжолова мен Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Мәрлен Әбубәкір сөз сөйледі.
Баспасөз қызметі