Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Қанипа Бітібаеваға арналған конференция өтті

9 қыркүйекте С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагогтік мәртебесі» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Жиынға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және оқытушылар, білім басқармасының қызметкерлері, мектеп ұжымдары, шақырылған мамандар, қонақтар қатысты. 

Конференцияға «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры, Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Ғ. Бейсембаев модераторлық етті.

Мұхтар Төлеген еліміздің еңбек сіңірген мұғалімі, Ұлттық педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор Қанипа Омарғалиқызының оқу орнына қатысты педагогтік қызметіне, атқарған игі істеріне тоқталды. Атап айтқанда, университетте ұстаз шәкірттерінің, Бітібаева атындағы кабинеттің жұмыс істейтінін, биыл педагог атындағы республикалық олимпиада жеңімпазына грант тағайындалғанын жеткізді.    

Пленарлық отырыста Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымының докторы Ф. Оразбаева «Қ. Бітібаеваның ұстаздық әлемі», ШҚМУ профессоры, филология ғылымының докторы А. Қартаева «Қ. Бітібаева – қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы», Нұрсұлтан қаласындағы №72 мектеп-лицейінің ұстазы, филология магистрі Ж. Әділбекова «Қ. Бітібаеваның ой салу, ойланту технологиясының жаңа білім мазмұнымен үндестігі» баяндамаларын жасады.  

Конференция соңында ұйымдастырушылар тарапынан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мен ШҚМУ профессоры Айжан Қартаева «Қанипа Бітібаева» төсбелгісімен марапатталды. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo