Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да картоптың жаңа сұрыптарын шығару және элиталық тұқым шаруашылығы бойынша семинар өтеді

ШҚМУ-да «Картоптың жаңа сұрыптарын шығару және Шығыс Қазақстан өңірінің бірегей әрі элиталық тұқым шаруашылығы үшін ТМД елдері генофонды мен шетелдік селекциядан бейімделген сұрыптарды іріктеу» семинары өтеді. Семинарда картоптың 60 сұрпы таныстырылады, биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертаханасына, Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханаға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Бағдарламада – «ШҚО жағдайында түпнұсқа және элиталық тұқым өндірісі үшін картоп сорттарын бағалау және таңдау» (Кузьмина Г.Н., а/ш.ғ.кандидаты, аға ғылыми қызметкер, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ), «Өте ертежәне ерте пісетін картоп сорттарын бағалау және таңдау» (Доланбаева Г.Т., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми қызметкері, биология мамандығының 1 курс магистранты), «Түпнұсқа тұқым өндірісінің бірінші және екінші меристемының ұрпақтарын алу, ерекше тұқым өндірісіндегі айырықша сорттарын алу» (Николаева В.Н., «Ұлан-Жеміс» ЖШС агроном-тұқымшысы), «Бірегей тұқым шаруашылығы үшін in vitro картоптың бастапқы материалын алудың биотехнология әдістері» (Түстібаева Ш., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кіші ғылыми қызметкері, биология мамандығының 1 курс магистранты), «Бірегей және элиталық тұқым шаруашылығы жүйесінде вирусты және бактериялық инфекцияны анықтау үшін иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісін қолдану» (Оразов А. Е., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ph.D докторанты).

Өтетін күні, орны және уақыты: 9 қараша, 10.00,  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Амур к., 18/1.

СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo