Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да картоптың жаңа сұрыптарын шығару және элиталық тұқым шаруашылығы бойынша семинар өтті

ШҚМУ-да «Картоптың жаңа сұрыптарын шығару және ТМД елдері генофондынан және шетелдік селекциядан Шығыс Қазақстан өңірінің бірегей әрі элиталық тұқым шаруашылығы үшін бейімделген сорттарды іріктеу» семинары өтті.

Құттықтау сөзді СД және ҒЖ жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова айтты.  

– Елбасы Жолдауында аграрлық саланың әлеуетін толық іске асыруды жүктеді, негізгі міндет – 2022 жылға қарай еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе ұлғайту. Ол үшін саланы басқарудың үздік тәжірибесін қолданып, ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің тиімді үлгілерін үйрету қажет. Біздің ғалымдар биология және биотехнология зертханасында картоптың жаңа сұрыптарын шығарумен айналысуда. Жаңа сұрыптар серіктесіміз – «ҰЛАН-ЖЕМІС» ЖШС алқаптарында өсіріледі. Бұл – ғылым мен өндіріс байланысының озық үлгісі, – деді И.В. Ровнякова.

ШҚМУ ғалымы Галина Николаевна Кузьмина баяндамасында гранттық жобалар бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесі туралы айтты, олар картоптың сұрыптарын клондау биотехнологиясы, картопты өсірудің инновациялық технологиясы енгізу, элиталық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, картоптың бейімделген және өнімді сұрыптарын іріктеу, «Ұлан-Жеміс» ЖШС үшін 50 мың пробиркалы өсімдікті клондау сынды бірегей жобалар.  

– Соңғы он жылда картоптың өнімді сұрыптары шығарылды. Жалпы өнімнің ұлғаюы, сапаның артуы, өсіруге кететін шығындардың азаюы селекцияның маңызын көрсетті, – деді ғалым.

Зерттеу кезінде шетелдік картоп сұрыптары біздің климатқа бейімделіп, жаңа сұрыптар шығарылған. 

– Ең өнімді сұрыптар – Удача (Ресей, А. Лорх атындағы институт), Розара (Германия, «КВС» фирмасы), Ред Скарлет (Голландия, «HZPC» фирмасы), Санте (Голландия, «Агрико» фирмасы), Роко (Голландия, «Агрико» фирмасы және ШҚМУ шығарған Магистр, Изольда, Восточный, Таврия, Шакирд, – деді Г. Кузьмина.  

ШҚМУ магистранты Гүлсайын Доланбаева өте ерте және ерте пісетін картоп сұрыптарын іріктеу тақырыбында баяндама жасады. Ол облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қаржыландырған «Ерте пісетін картоп сұрыптарын өндірудің инновациялық технологиясы» гранттық жобасының нәтижелерін мәлімдеді.

– Қазақстан өзін картоппен толық қамтып отыр. Ал шетелге саудалау үшін өндірісті ұлғайту қажет. Бұл ретте ерте пісетін сұрыптарды көптеп өсірген жөн, – деді ол.

Ең үздік сұрыптар 60-70 күнде толық пісіп жетіледі. Облыстың климаты мен топырағы осы сұрыптарды өсіруге толық жарамды.

ШҚМУ Лорх атындағы картоп шаруашылығы институтымен бірлесе отырып шетелдік ерте пісетін картоптар сұрыптарын жетілдірген. Осылайша өңіріміз үшін ең тиімді сұрыптар іріктелді, олар – Гулливер (Ресей), Джувел (Германия), Коломбо ( Голландия), Ред Скарлет (Голландия), Королева Анна (Белоруссия), Родриго (Германия), Леди Клер (Голландия), Удача (Ресей), Даренка (Ресей).

«Ұлан-Жеміс» ЖШС агрономы В. Николаева таңдалып алынған сұрыптардың өсуі мен өнімділігі турасында хабарлады.

ШҚМУ магистранты Ш. Түстібаева картоп ауруларының алдын алу тәсілдерімен бөлісті. Тақырыпты ҚазҰУ докторанты А. Оразов жалғастырды.  

ШҚМУ ғалымдары биыл серіктесі – «Ұлан-Жеміс» ЖШС-не Изольда, Таврия, Восточный-1 сұрыптарын сынау және далалық жағдайда өсіру үшін ұсынған. Қазір тағы екі сұрып беріліп отыр – Шәкірт және Магистр.

Қазіргі кезде ШҚМУ ғалымдары картоптың 60 сұрпына ие. Семинарға қатысқандар олардың әрқайсысымен жеке-жеке таныса алды.

Фото https://cloud.mail.ru/public/52sD/kPx4jGApf   

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo