Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да қашықтан оқыту аясында зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша оқыту вебинары өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қашықтан оқыту жағдайында зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру» (ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті оқытушыларының тәжірибесінен) оқыту вебинары өтті.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары вебинарда қашықтан оқыту жағдайында зертханалық және тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру ерекшелігін көрсетті.

Вебинарға оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, оқытушылар және барлық қызығушы тұлғалар қатысты. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан әріптестер де қызығушылық танытты.

Вебинар модераторы компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ж.З. Жантасова болды.

Зертханалық жұмыстарды дайындау мен өткізу ерекшелігі және виртуалды зертханалар, интерактивті симуляторлар түрінде ұсынылатын Интернет-ресурстардың мүмкіндіктері қашықтан оқыту жағдайына бейімделген электронды оқу ресурстарын әзірлеу, қолдану және көрсету мәселелеріне оқытушыларға жан-жақты қарауға мүмкіндік берді. Спикерлердің баяндамалары олар қолданатын дидактикалық материалдардың барлық артықшылықтарын растады: көрнекілік, интерактивтілік, ыңғайлы уақытта оқу мүмкіндігі, материалдарды бірнеше рет тыңдау және білім алушыға процестің белсенді субъектісі болу.

Вебинарда 6 баяндама жасалды – «Химиялық зерттеу сабақтарын қашықтан оқыту жағдайында жүргізу ерекшеліктері», Мәншүк Мұратқызы Нықмұқанова, химия кафедрасының аға оқытушысы, phD докторы, «ШҚМУ қашықтан оқыту порталында тестілерді импорттау және оларды баптау», Ерлан Канапияұлы Ерғалиев, математика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., Досан Рақығгалиұлы Байгереев, математика кафедрасының доценті, phD докторы, «Бейорганикалық химия бойынша зертханалық сабақтарды өткізу кезінде Virtualab виртуалды зертханасын қолдану мүмкіндіктері», Еркежан Мүбәрак, химия кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Материалтану мен жаңа материалдар технологиясында интерактивті симуляцияны қолдану», Тілек Қуанышбекұлы Қуанышбеков, инженерия және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, phD докторы, «Жұмыс орындарында қауіпті өндірістік факторлар мен қажетті қорғаныс құралдарын анықтау (қашықтан оқыту нысаны бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізу тәжірибесінен), Валерий Александрович Седелев, экология және география кафедрасының профессоры, т. ғ. д., «Қашықтан оқыту аясында зертханалық сабақтарды өткізу үшін интернет симуляторларды қолдану», Евгения Петровна Шевчук, физика кафедрасының аға оқытушысы, физика магистрі.

Көрсетілген оқытушылардың тәжірибесі жалпы оқу процесін толықтыру және қолдау тұрғысынан да, сондай-ақ біздің ЖОО оқытушыларының бірегей тәжірибесін таратуға мүмкіндік беретін жаппай онлайн курстардың контентін қалыптастыру үшін де болашақ толыққанды электрондық оқу кешендерінің жақсы базасы болатынын атап өткен жөн.

Семинарға қызығушылық спикерлерге қатысты мәселелерде ғана емес, сондай-ақ хабарламалар чатындағы пікірлер мен сұрақтар арқылы да байқалды.

Факультет оқытушыларының тәжірибесін вебинар-талдауды ұйымдастыру және дайындау жұмыстарын жедел орындаған академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментіне алғыс білдіреміз!

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo