Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған латын графикасы бойынша семинар-тренинг өтті

27 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне «Латын графикасы негізіндегі ұлттық жазудың тәжірибелік мәселелері» семинар-тренингі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі, З. Ахметов атындағы №16 орта мектебі, «Білім-Инновация» лицейі, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Тарбағатай ауданы Шорға ауылының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, Көкпекті ауданы Самар ауылы Ж. Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі, Глубокое ауданы Винное ауылы орта мектебі және басқа да мекемелердің мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар латыннегізді жазумен берілген мәтіндерді оқып, жазбаша тапсырмаларды орындап, аталған мәселеге байланысты ой-пікірлерін ортаға салды. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

«Қазақ жазуы  және латын графикасы» орталығы

Қазақ
× You found a Typo