- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті «Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Аида Айтмұқашова қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенттерімен «Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Дәрісте модаль сөздердің жеке сөз табы болу мәселесі, лексика-грамматикалық сипаты, модаль сөздердің қалыптасу көздері, қолданылу ерекшеліктері, мағыналық топтары, одағай сөздер, олардың грамматикалық сипаты, мағыналық түрлері мәселелері талқыланды.
Сабаққа кафедра ұстаздары қатысты.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы