Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Қазақстан этностары: халықтың тарихи-мәдени мұрасына үлес» республикалық диалог алаңы өтті

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен бірге «Қазақстандық этностардың Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесін зерттеу» жобасы аясында «Қазақстан этностары: халықтың тарихи-мәдени мұрасына үлес» республикалық диалог алаңын өткізді.

ҚҚДМ басқарма төрағасының орынбасары, саясаттану ғылымының докторы А. Қайдарова мен ШҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымының кандидаты Э. Столярова алаң модераторлары болды.

Алаң жұмысының басында Э. Столярова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің құттықтау сөзін оқыды.

– Құрметті алаңға қатысушылар, қала қонақтары, Ұлы Абайдың жеріне қош келдіңіздер! Атап өтерлігі, хакім Абай Қазақ елінің болашағы өзге халықтармен арадағы қарым-қатынастың беріктігіне байланысты екенін жақсы түсінген. Бүгін біз «Қазақстандық этностардың Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесін зерттеу» атты өте маңызды жоба аясында жұмыс бастап отырмыз. Баршаларыңызға сәттілік және табысты еңбек тілеймін! – делінген құттықтау сөзде.

Сөз сөйлегендер арасында ШҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының төрағасы, тарих ғылымының кандидаты Н. Краснобаева, ҚҚДИ бас сарапшысы, философия ғылымының кандидаты Р. Камарова, Шәкәрім университеті философия және саясаттану кафедрасының профессоры Б. Атантаева болды. Олар жоба аясында ел дамуына үлес қосқан түрлі этнос өкілдерінің – ірі тұлғалардың мәліметтер базасы құрылатынын жеткізді.

Атап өтерлігі, Қазақстанда 125, Шығыс Қазақстанда 105 этнос өкілдері өмір сүреді.

Алаңның екінші бөлігінде ШҚМУ «Алтайтану» ҒЗО-ның бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Ж. Әубәкірова «Н. Алексеенко – Қазақстан демография ғылымының негізін қалаушы» баяндамасын оқыды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.

Оқиға аясында университет ғылыми кітапханасы «Шығыс Қазақстан этностары» кітап көрмесін ұйымдастырды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo