Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Қазақстан халықтары тілдері күні аталып өтілді

Әр жылы 5 қыркүйекте атап өтілетін  Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесі биыл С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орайластырылды.

 Қазақстан Республикасының Президенті жолдаған «Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы» өз кезегінде оқу орнымыздың ректоры М.Ә.Төлеген тарапынан қолдау тауып, оны университет ұжымы зор қуанышпен қабыл алған болатын. Бүгінгі күні  де мереке аясында оқытушылар мен студенттер ақынның шығармалары мен қара сөздерінен үзінділерді жатқа оқып, эстафетаны жалғастырды.

Аталмыш шараға университетіміздің «Халықаралық қатынастар», «Шет тілі: екі шет тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Биология», «Аударма ісі», «Юриспруденция» мамандықтарының ана тілді және өзге ұлт өкілдерінің 1, 2, 3 курс студенттері және қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі  С.Т.Касенов және оқытушылар   С.Т.Садыкова, М.К. Ибраева, Х.М. Жоканасова белсене қатысты.

Ұлы ойшыл ақынның өлеңдерін төрт  тілде: қазақ, орыс , моңғол және ағылшын тілдерінде мәнеріне келтіріп, үлкен құлшыныспен оқыды. Мысалы, Глыбова Оксана, Степанова Анна, Харламова Мария, Мұрзагулова Индира және т.б. «Шет тілі» мамандығының 2-курс студенті Суриков Иван Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін гитараның сүйемелдеуімен орындады.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Фото https://cloud.mail.ru/public/3X49/5tnWSN45h 

Қазақ
× You found a Typo