Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Қазақстан мен Польша ЖОО-лары арасында телекөпір өтті

«Абай»  жастардың мәдени-білім беру орталығының ашылуы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Мәдениеттер диалогын дамытудағы университеттер ролі» атты қазақ-поляк онлайн дөңгелек үстелі өтті.

Осы ашылу күні онлайн режимінде байланыстырылған поляк және қазақ алаңдары жұмыс істеді.

– Польшамен онлайн режимінде өткізіліп отырған бүгінгі дөңгелек үстел Свече қаласындағы «Абай» жастардың мәдени-білім беру орталығының ашылуына арналған. Орталықтың ашылуы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Свече қаласындағы Лингвистикалық-технологиялық университет арасындағы келісімнің нәтижесі. Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі әлемге қазақ мәдениетін таныту қажеттілігін баса айтқан болатын, – деді өз сөзінде стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова.

Құттықтау сөздерді биология ғылымдарының кандидаты, өлкентанушы, жазушы Борис Васильевич  Щербаков және саясаттану мамандығының 1 курс студенті Жанайым Қаламқанқызы айтты.

Дөңгелек үстелде мына баяндамалар жасалды: «Identity vs image: Kazakhstan on social media – Ақиқат vs бейне: БАҚ-тағы Қазақстанның бейнесі» (Аяулым Сыранова, «Философия» мамандығының 2 курс магистрант), «ШҚО Туристік ақпараттық орталығының облыс имиджін қалыптастырудағы қызметі» (Сымбат Рамазанов, «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ директоры), «Абайтану мәселелері және рухани жаңғыру» (Айымгүл Қамзановна, филология ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті), «Университеттік мұражайлар әлеуеті» (Анар Смағұлова, ШҚМТУ Үлкен Алтай мұражайының директоры), «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы ШҚМУ ғалымдарының өңірлік зерттеулері» (Жанетта Қалимолдина, ШҚМУ «Археология және Алтайдың мәдени мұрасы» мұражайының директоры).

Фото по ссылке https://cloud.mail.ru/public/9MQc/MaNQ7F5oY   

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo