Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Қазақстан, Ресей және Моңғолия университеттері студенттерінің қатысуымен II халықаралық туристік олимпиада өтті

29-сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ZOOM платформасы арқылы туризм бойынша ІІ халықаралық және республикалық олимпиада өтті.

Олимпиаданы экономика және басқару кафедрасы мен «Shanishkul Tur» туристік компаниясы ұйымдастырды. Олимпиада КСРО ағарту ісінің үздігі, КСРО халық мұғалімі, соғыс ардагері Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевке арналды.

Олимпиаданы өткізудің бастамашысы және модераторы – ШҚМУ экономика және басқару кафедрасының доценті, э.ғ.к. Гайний Қасымқызы Қойшинова. Олимпиадаға Нұрғалиевтер ұстаздар династиясының мүшелері де қатысты.

Олимпиаданың негізгі тақырыбы мен мақсаты – студенттер мен оқушылардың туризм саласындағы қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін тереңдету, сондай-ақ туристік индустрияның турбуленттілігі жағдайында туристік компаниялардың кәсіби және басқарушылық құзіреттіліктерін дамыту.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды – өтінімдерді толтыру және конкурсқа жобаларды ұсыну (қашықтық тур), жобаларды онлайн форматында қорғау.

Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Ресей және Моңғолияның келесі жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 60-тан аса команда қатысты: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Тұран-Астана» университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, НАРХОЗ университеті, UIB, Семей медицина университеті, Моңғол мемлекеттік университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан-Америка еркін университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Республикалық олимпиадаға Қазақстанның орта білім беретін мектептері мен колледждерінен 20-дан аса оқушы қатысты.

Олимпиада соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарияланды. Туризм бойынша олимпиаданың абсолютті көшбасшы болып Л. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті атанды.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo