Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Қазақстандағы және шекаралас аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер» XVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды

ШҚМУ-да екікүндік «Қазақстандағы және шекаралас аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер» XVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Оған еліміз бен Ресейдің жетекші этнодемография мамандары қатысуда.

Шетелдік ғалымдар қатарында Леонид Бляхер (Тынық мұхит мемлекеттік университеті, Хабаровск), Константин Григоричев (Иркутск мемлекеттік университетінің проректоры, Иркутск), Юлия Лысенко (АлтМУ, Барнаул), Валерий Бармин (АлтМПУ, Барнаул), Зинаида Попова, (ТГАСУ, Томск), Наталья Аблажей (РҒА СБ Тарих институты, Новосібір) бар.

Еліміз тарапынан ШҚМУ ректор М. Төлеген, Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков, ШҚО ҚХА ҒСТ төрайымы Н. Краснобаева, «Алтайтану» ҒЗО директоры А. Алексеенко, Э. Столярова, ШҚМУ магистрі Ж. Әубәкірова, ҚАЕУ магистрі Е. Егоренкова және басқалар қатысты.

– Біз аталмыш конференцияға 18-ші жыл қатарынан өткізіп отырмыз. Оларға Ресей, Беларусь, Германия, Қытай және басқа елдерден ғалымдар қатысып келеді. Конференция материалдарының жинақтары әлемнің ірі кітапханаларына түседі. Осы басқосуларда жас ғалымдар тәжірибе жинақтап, өзге елдермен ғылыми ынтымақтастық негіздері қаланады, – деді ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген. 

Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков келер жылы конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізуді ұсынды.

– Өскемен шетелдік ғалымдар үшін демографиялық ғылымның орталығы ретінде таныс. Бұл конференция да пайдал ыболады деп сенемін, – деді Иркутск университетінің профессоры К. Григоричев.

Конференцияда демография, этнология, археология, тарих, география, әлеуметтану мәселелері қаралмақ.

Бағдарламада пленарлық отырыс, «Қазақстан және Ресей: тарих ғылымы» семинары, «Миграциялық процестер», «Тарихи демография», «Қазақстандағы демографиялық даму мәселелері», «Этнодемография» секциялары жоспарланған.

Барлығы 50-ден астам баяндама жасалмақ.

Нәтижесінде ғылыми мақалалар жинағы шағыралытн болады.

Фото https://cloud.mail.ru/public/hHJd/5Gq3oqPUC

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo