Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Қазақстанның экономикалық ғылымы: өткеннің тәжірибесі – болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел болып өтті

7 маусымда Рухани Жаңғыру ғылыми-білім беру орталығында орталығында  «Қазақстанның экономикалық ғылымы: өткеннің тәжірибесі – болашаққа бағдар» атты дөңглек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, қаржы және есеп кафедрасының ұйымдастыруымен және С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылым бөлімінің қолдауымен өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның жетекші ғалымдары, колледж директорлары, Қазақстан Республикасының түрлі мекемелері мен ведомстволарының өкілдері және экономика саласындағы мамандар қатысты.
Баяндама жасаушылар: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Алшанов, э.ғ.д., профессор Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ профессоры Колос Е.А., экономика ғылымдарының докторы, С. Аманжолова ШҚМУ профессоры Алимбетов Ү.С, Өскемен қаласындағы Кәсіптік оқыту және сервис колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Кабдулшарипов Б.К., экономика ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолова атындағы ШҚМУ доценті Болгауов Т.А. және Өскемен қаласының басқа да жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелде жоғары оқу орындарындағы ғылыми мектептердің даму проблемалары, отандық ғалымдардың өз бағыттарын қалыптастырудағы рөлі; халықты әлеуметтiк сақтандыруды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру; әлемдік экономикаға кіретін интеграциялық үдерістер контексіндегі Қазақстанның даму бағытының траекториясы; жаңа технологиялар, Қазақстан экономикасын жаңғыртудағы инновациялар; тұлға, ғалымның қалыптасуындағы сипаттың күші; білім беру мәселелері қарастырылды.
 
Экономика және құқық факультеті
Қазақ
× You found a Typo