Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Кеңес кезеніңдегі саяси қуған-сүргін құрбандары: зерттеулер мен естеліктер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» залында «Кеңес кезеніңдегі саяси қуған-сүргін құрбандары: зерттеулер мен естеліктер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Тоталитарлық тәртіптің құрбаны болған аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсету үшін басқосуға сексенге жуық адам жиналды. Конференцияға құрметті қонақтар ретінде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, «Азалы кітап» авторлары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен жоғары оқу орындарының ғалымдары, белсенді жастар, көпшілік қауым қатысты.

– Жиырмасыншы ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау. Біз сол жастай солған жасампаз тұлғалардың алдында ғұмыр бойы бас иіп өтуге міндеттіміз, – деді конференция жұмысын бастаған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген.

Түрлі деректерге сәйкес 1931-1933 жылдар аралығында елімізде ашаршылықтан екі миллионға жуық адам қырылды. Тек 1937-38 жылдары ғана Қазақстанда 118 мыңнан астам азамат саяси қуғын-сүргінге ұшырап, оның 25 мыңдайы ату жазасына кесілді. Біздің облыста 1350 адам тұтқындалып, олардың 300-і атылды. Көптеген жазықсыз жазаланғандардың қашан және қалай өлтірілгені, қай жерде жерленгені әлі күнге дейін белгісіз...

Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің преофессоры, тарихшы Задаш Дүкенбаева «Ұлттық интеллигенция және қуғын-сүргін қасіреті» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік мұрағаттардың көптеген құпия қорлары ашылғанын, соларды халыққа жан-жақты жеткізу керектігін атап көрсетті.

Жиынға арнайы шақырылған саяси қуғын-сүргін құрбаны Жармұхамед Әбілқасымовтың ұлы Төлеухан ақсақал өзінің бала кезден көрген қиыңдықтары туралы сыр шертті.

– Әкемді көрген емеспін, оны тұтқындап әкеткенде екі жаста екенмін. Со кезде әкем небәрі 31, шешем 28 жаста. Колхозда есепші болып жүрген оны «Жапониямен байланысы бар» деген жаламен түнде әскерилер алып кетіпті. Жиырма жыл хат-хабар болмады, қаза болғанын тек 1958 жылы ақталғанда бірақ білдік. Әкемді қызылжағалылар 15 күн бойы Тарбағатайдан Өскеменге жаяу айдап әкеліп, атқан екен. Сүйегі қайда екенін білмейміз. Осы ретте айтарым – Өскеменге саяси қуғын-сүргын құрбандарына арналған бір ескерткіш керек-ақ, – деген Төлеухан Жармұхамедов ес білгелі тауқыметті көп тартқанын, соғыс кезінде тылдың қара жұмысына жегілгенін, «Халық жауының баласы» деген сүйекке тиер сөзді де естіп өскенін айтты. Анасы өмір бойы күйеуін күтіп, тұрысқа шықпай, балаларын жаңғыз өзі асырап-жеткізген екен.  

ШҚМУ Ресурстық орталығының директоры Бақытжан Келгенбаева Карлаг құрбандарының әдеби мұрасы туралы баяндады.

– Карлаг тұтқындары арасында ғалым Қайым Мұхамедханов та болғанын білеміз. Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен «Абайдың әдеби мектебі» диссертациясын қорғауы кезінде басталған айыптаулар ғалымның 1951 жылы тұтқынға алынуымен аяқталды. Карлагтағы шектен шыққан азаптаулар  – ыстық және суық камера, тырнақ астына ине жүгірту, басқа су тамызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту Қайым Мұхаметхановтың жаны мен тәніне жара салғанымен, санасын сансыратып, ерік-жігерін сындыра алмады. Ақын Карлагта «Туған ел – алтын бесік», «Балаларыма», «Жұбайым Фархинурға», «Отырдық тар қапаста күнді санап», «Шерубай станциясы»  өлеңдерін жазып, «Сормаңдай Лиза» повесіне аударма жасады, – деді Бақытжан Бекенқызы.

Іс-шарада Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Рухани жаңғыру кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Сәрсембаева 20-шы және 30-шы жылдардағы ашаршылық пен оның зардаптары туралы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Бердібек Бияров Мағжан Жұмабаевтың әділетсіз жазалануы туралы, ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің деканы Әлия Өскембай Шығыстан шыққан Алаш қайраткерлерінің тағдыры туралы, облыстық сәулет-этнографиялық мұражай қызметкері Гүлжан Кашаку абайтанушы Қайым Мұхамедханов туралы келелі баяндамалар оқыды.

– Жаппай аштық пен репрессия – ешқашан ұмытылмауы тиіс тарихи сабақ. Қазақтар қатал заманның қасіретіне қарамастан Ұлы далаға мәжбүрлеп жеп аударылған халықтарды қамқорлықпен қабылдады. Сондықтан біз өткен тарихымызды білуге, бүгінгі тәуелсіздік пен ой, сөз еркіндігінің қадірін түсінуге міндеттіміз деп, – атап өтті конференцияға қатысушылар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo