Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау жүруде

ШҚМУ-да қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдауды бастады. Маусымның 1-інен 20-сына дейін кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға өтініштер ұсынылады.

Кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға өтініштер 1-ші маусымнан 20-шы маусымға дейін ұсынылады.

Шығармашылық мамандықтар үшін өтініштерді қабылдау қабылдау комиссияларымен 20 маусымнан 7 шілдеге дейін жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында тапсырылады. Шығармашылық емтихандар саны – 2.

Өтініштерді қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен жүргізіледі.

Педагогикалық мамандықтарға түсуді жоспарлаушылар жоғары оқу орны базасында бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу) тапсырады.

Арнайы емтихандар мерзімдері:

Өтініштерді қабылдау және емтихандар 20 маусымнан 18 тамызға дейін.

«Өтті» немесе «өтпеді» критерийлері бойынша бағаланады.

Тестілеу мерзімдері және ұзақтығы – базалық ЖОО-ларда 17 шілдеден 23 шілдеге дейін.

КТ басталу уақыты – сағат 09.00.

КТ-ға 3 сағат 50 минут беріледі.

Білім грантын беру бойынша конкурсқа өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында өтеді. 

Білім гранттары иеленушілерінің тізімі 10 тамызда БАҚ-та («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығы сайтында  www.testcenter.kz жарияланады.

Қайталама кешенді тестілеуде шектік балл ала алмаған және ҰБТ немесе КТ-қа қатыспаған тест тапсырушылар қатысады.

Қайталама КТ мерзімдері: Өтініштерді қабылдау 1-8 тамызда.

Тестілеу 19-24 тамызда.

Қайталама КТ-да шектік балл ала алмағандар бірінші академиялық кезең аяқталған соң қайтадан тест тапсыра алады.

Қайталама КТ мерзімдері: өтініштерді қабылдау 5-12 қаңтарда.

Тестілеу 20-24 қаңтарда.

ШҚМУ-ға түсуде табыс тілейміз!

ШҚМУ-ға түсу үшін барлық ақпаратты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтындағы «Оқуға түсушіге» бөлімінің мега-мәзірінен (сілтеме: https://www.vkgu.kz/ru/page/postupayushchemu.html?theme=vkgu) ала аласыздар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo