С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың инклюзивті білім берумен айналысатын «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығында қашықтан оқыту технологиялары қолданылады.
– Білім алушылар үшін ақпараттық білім ресурстарының, вебинарлардың, бейнеконференциялардың, бейнетренажерлардың банкі жүйелендірілген. ЖОО сайтының «Инклюзивті білім» бөлімінде инклюзивті білімді қамтитын материалдардың толық пакеті жинақталған, – дейді орталық жетекшісі С. Стельмах.
Орталық мамандары мектеп білімінің, оның ішінде инклюзивті білім берудің мәселелері бойынша 100-ден астам кейс әзірлеген, олар күндізгі бөлімде және қашықтан оқитын студенттерді оқытуда белсенді қолданылады.
Баспасөз қызметі