Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Киелі Алтай» фотокөрмесі өтті

5 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Фотоөнер» қоғамы мен «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің бастамасымен «Киелі Алтай» фотокөрмесі ашылды.

Фотокөрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» бағыты бойынша журналистика факультеті мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да басталған. Сол көрмеге қойылған туындыларды ШҚМУ-дың №5 ғимаратының 1 қабатында 8 қарашаға дейін тамашалауға болады.

Ашылу рәсімінде ардагер журналист, ұстаз Айтмұхамбет Қасымов лебіз білдіріп, шәкірті Елназ Әбенғазыевамен бірге көрме тұсауын кесті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісұлы, мәдениет жанашырлары, журналистика мамандығының оқытушылары, студенттері қатысты.

Көрмеге 17-21 шілдедегі «Шығыс Ақпарат» медиахолдингі, «Фотоөнер» бірлестігі, Берел қорық-мұражайы ұйымдастырған фото блогтурына келген 15 фотографтың туындылары қойылды.  «Фотоөнер» бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым бастаған бір топ фотографтың мақсаты Шығыстың табиғатын көпшілікке таныту еді.

Шығыстың фотоөнерін дамытуға атсалысып жүрген «Дидар» газетінің тілшісі, карикатура мен фото маманы Мерей Қайнарұлының, «Дидар» газетінің  фототілшісі Тілеубек Шаяхметтің, журналистика мамандығының 3 курс студенті Елназ Әбенғазыеваның фотолары көрмеден орын алды.

Көрме «Рухани жаңғыру» орталығында «Фотоөнердегі талап пен талғам» атты дөңгелек үстелмен жалғасты. Шараны Қазақ, орыс және журналистика кафедрасының меңгерушісі Сәкен Қасенов жүргізді. Дөңгелек үстел мақсаты студенттерді өткен фотоблогтурмен таныстыру, фотошеберліктің қыр-сырымен бөлісу, фото жанрларын көрсету болды. Мерей Қайнарұлы, Тілеубек Шаяхмет тәжірибелерімен бөлісіп, жас фотожурналист Елназ Әбенғазыеваны «Шығыс ақпарат» медиахолдингі басшысы Нұрбек Бекеновтің атынан алғыс хатпен марапаттап, фотоөнерге қызығушылық танытатын студенттерді ортақ іске шақырды.

Н. Чыншаева, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo