Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескертіші» көрмесі ашылды

Ғылыми  кітапхана Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай оқырмандар назарына электронды тұсаукесер мен «Кітап – ғасырларға  сапар шеккен ақыл ескертіші» атты кітап көрмесін ұсынады (№1 оқу ғимараты, 303 ауд.).

23 сәуір - әлем әдебиеті үшін айтулы күн-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін бекітуге себеп болды (World Book and Copyright Day).

1616 жылдың дәл осы күні М. Сервантес, У. Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега өмірден озды.

Бұл, сонымен қатар Морис Дрюон, X. Лакснесс, Дж. Пла мен Мануэль Мехиа Вальехо сияқты белгілі авторлардың туған немесе өмірден өткен күндері.

1995 жылы Парижде  өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы баршаны, әсіресе жастарды кітап оқудан ләззат алуға, сонымен қатар адамзаттың  әлеуметтік және рухани өсуіне мол үлес қосқандарды сыйлауға шақыра отырып, бұл күнді кітап пен авторларға, адамзаттың мәдени және әлеуметтік өсуіне ықпал еткендерге құрмет білдіруге шешім қабылдады.

Сол кезде, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні мен балалар және жасөспірімдер әдебиетінде шыдамдылық үлгісін насихаттау үшін ЮНЕСКО  сыйақысы белгіленді.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін атай отыра, біз әр мемлекеттің мәдениетін сақтау мен көбейтуіндегі кітаптың атқаратын рөлінің  маңыздылығына аса назар аударуымыз қажет.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo