Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да кітап оқу туралы Clidepsy онлайн-алаңы ұйымдастырылды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Оқу және қарау: клиникалық психология» алаңының маңызды және пайдалы отырысы өтті. Студенттер мен қонақтар кәсіби құзіреттілікті дамыту мақсатында оқу және бейне көріністер туралы жылдам сауалнамаға жауап берді.

Белгілі болғаны – студенттер аз оқиды (айына ең көбі 2 кітап), бірақ олар көп оқығысы келеді. Кейде олар мамандық туралы көркем фильмдер көреді, бірақ жиі көргісі келеді. Сонымен қатар, жастар вебинарлар мен онлайн оқыту технологияларын таңдауда адасады, бірақ олар алаңдар мен жүргізушілердің сапалық өлшемдері бойынша бағыт алғысы келеді.

Сонымен қатар, айтылғандай, студенттер шетелдік ғылыми әдебиеттердің қызықты порталдарының барын білмейді, бірақ білгісі келеді.

Қатысушылар кезекті онлайн-алаңда дәл осы мәселемен шұғылданды.

«Зияткер» ҒБО қызметкері, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры И.К. Мацкевич өзінің әдебиет, вебинарлар мен интернет-тренингтерді таңдау критерийлері, мамандық туралы сүйікті фильмдері туралы айтып берді. Қашықтағы формат тек айтып қана қоймай, кітап сөресіндегі кітаптарды да көрсетуге мүмкіндік берді.

Алаң жұмысында студенттер арасында көптеген сұрақтар туындады, оларға Зияткер орталығының, психология және түзету педагогикасы кафедрасының қызметкерлері (Барабанова Е.И., Дергачева Е.В., Стелмах С.А., Төлепбергенева Р.Ж.) қуана жауап берді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo