- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
22 ақпанында «Экономика және құқық» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы колледж оқушыларының арасында бухгалтерлік есептен облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиада мақсаты: Колледж бітірушілерін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де оқуды жалғастыруға кәсіптік бағыттау. Факультет деканы Мұхамедиева А.Ғ. олимпиаданы ашып, құттықтады.
Олимпиадаға келесі колледж командалары қатысты: Экономика және қаржы; Кумаш Нұрғалиев атындағы колледж; Көпсалалы технологиялық колледж.
Олимпиада қорытындысы келесідей анықталды:
1- орын: «Қаржы және экономика» колледжі (орыс тобы)
2- орын: «Құмаш Нұрғалиев» атындағы колледжі
3- орын: «Қаржы және экономика»колледжі (қазақ тобы).