С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген Польшада Абай ғылыми-білім беру орталығының, ал ШҚМУ-да Коперник ғылыми-білім беру орталығының ашылуы туралы келісімге қол қойды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құрылымында Коперник ғылыми-білім беру орталығы ашылатын болады, өз кезегінде Свече қаласындағы (Польша) Лингвистикалық-техникалық университете Абай орталығы пайда болады.
Келісімге «Болашақ университеті: Цифрландыру және академиялық дәстүрлер» Еуропалық одақ және Орталық Азия елдері университеттері ректорларының форумы барысында қол жеткізілді.
Келісімнің мақсаты ғылым, білім, мәдениет салаларындағы іс-шараларды іске асыру арқылы қазақ-поляк қарым-қатынасын дамыту болып табылады.
Баспасөз қызметі