- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №9 ғимаратында Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің журналистика мамандығы бойынша 1 курс студенттерін қабылдау салтанаты өтті.
Шараға Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары мен 1-4 курс студенттері қатысты.
Мереке 1 курс студенттерін таныстырудан басталды, кафедра меңгерушісі С. Қасенов пен аға оқытушы А. Қасымов студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кеш студенттер өнерімен жалғасып, түрлі тақырыпта, оның ішінде журналист мамандығына байланысты ойындар ойнатылды.
Журналистика мамандығының 2 курс студенттері Талшын Нұрланова сазды әнімен, Ақтолқын Жансапова назды биімен кеш қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
1 курс студенті Замира Сүлейменова «Туған жер» өлеңін оқып, талантын көрсетті.
Мерекелік шара соңы би кешіне ұласты.
Фатима Тілейханқызы, журналистика мамандығының 2 курс студенті