С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы А. Абзалбеков Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Моңғолиядан келген шетелдік студенттермен кездесті.
Кездесу модератор халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің инспекторы А. Жәнібекқызы болды.
ШҚМУ-дың ішкі тәртібі және студенттер үйінде тұру ережелері туралы тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы Қ. Баспақбаев мәлімет берді.
Полиция қызметкері көрші елдер жастарына Қазақстанда шетелдіктердің болу ережелерін, елде тіркелу мерзімін, шетелдік студенттердің құқықтары мен бостандықтарын түсіндірді.
Сұхбат Қазақстан заңдары бұзылуының алдын алу мақсатында өтті, студенттер толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кездесу соңында шетел студенттеріне Қазақстан аумағына келу/кету және болу ережелері туралы жадынамалар таратылды.
Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі