- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Тəуелсіздік күніне орай Жастар ісі жөнінде комитеттің ұйымдастыруымен «Не? Қашан? Қайда?» Интеллектуалды ойыны болып өтті.
Сайыс барша тақырыптарды жан-жақты қамтитын сұрақтардан тұрды. Ойынға студенттер үйі, факультеттер және оқу ордамыздағы ұйымдар арасында командалар құрылып,қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Нəтижесінде "Эрудит" командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз командаға кубок табыс етілді. Бүгінгі ойынға ат салысушылар мен қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңісті де жемісті күндерде жолыққанша!
Жастар ісі жөніндегі комитет