23 қазанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «ҚР және РФ прокуратураларының азаматтар мен мемлекет құқығын қорғауға қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған облыс прокуратурасының өкілдері, ШҚМУ оқытушылары, О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің профессоры Татьяна Отческая қатысты.
– Дөңгелек үстел тақырыбы демократиялық мемлекеттің негізгі тұжырымдасымен үйлеседі, яғни ең басты құндылық – адам құқығы, – деді құттықтау сөзінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, PhD докторы, профессор Мұхтар Төлеген.
Ректордың айтуынша, облыс прокуратурасы қызметкерлерінің 80 пайызы – ШҚМУ түлектері.
– Мен 16 жыл облыс прокуратурасында қызмет еттім, 8 жыл ШҚМУ-да сабақ бердім, 2016 жылдан Мәскеу заң университетінде кафедра меңгерушісімен, – деген Т.И.Отческая тақырып бойынша кең көлемді баяндама жасады.
Тақырыпты талқылаған қатысушылар арнайы қарар қабылдады.
Баспасөз қызметі