С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің әдістемелік апталығы аясында Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Қонбаева «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенттеріне «Кәсіпкерлік тәуекелді талдау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Көрнекі құрал – слайд арқылы сабақтың мақсат-міндеті ашып көрсетілді. Дәрісте студенттер теориялық білімдерін бекітіп, қорытынды сұрақтарға жауап берді.
Сабақта кәсіпорындарды банкроттылықтан қорғау, тәукелділікке бел буу, кәсіпорын тәуекелділігін талдау түрлері бойынша өзекті мәселелер толық ашылды.
Экономика және құқық факультеті