- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
24 қарашада экономика және құқық факультетінің № 9 оқу ғимаратында «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жетілдіру» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері мен даму болашағын анықтау және талқылау.
Іс-шараға жұмыс берушілер мен әр түрлі меншік нысанындағы серіктес кәсіпорындар қатысты. Оның өкілдері: Дерябина О.И. – «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС бас бухгалтері; Оспанова Э. К. - ШҚО бойынша «Қазгидромет» ШЖҚ РМК бас бухгалтері; Сембаева Н.- «АлемАгроТрейд» ЖШС бас бухгалтері; Кенеспаева Г.Е.– «ШҚО бойынша Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бас маманы.
Қатысушыларды семинардың модераторлары: Апышева А.А., Шолпанбаева К.Ж., Белоусова Л. И., Немеренева К.Т. семинар мақсатымен таныстырып, кейін кіріспе сөз кафедра меңгерушісі Апышева А.А. берілді, ол өз сөзінде профессорлық-оқытушылар құрамымен таныстырды және семинарға табыс тіледі.
Семинар барысында шақырылған кәсіпорын өкілдері және профессор Шолпанбаева К. Ж. баяндама жасады. Сондай-ақ бухгалтерлік есептің өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.
Соңында қорытынды жасалып, семинар жұмысына қатысушылар баға берді.
Экономика және құқық факультеті