Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жетілдіру» атты семинар өтті

24 қарашада экономика және құқық факультетінің № 9 оқу ғимаратында «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жетілдіру» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері  мен даму болашағын анықтау және талқылау.

Іс-шараға жұмыс берушілер мен әр түрлі меншік нысанындағы серіктес кәсіпорындар қатысты. Оның өкілдері: Дерябина О.И. – «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС бас бухгалтері;  Оспанова Э. К. -  ШҚО бойынша «Қазгидромет»  ШЖҚ РМК бас бухгалтері; Сембаева Н.- «АлемАгроТрейд» ЖШС бас бухгалтері; Кенеспаева Г.Е.– «ШҚО бойынша Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бас маманы.

Қатысушыларды семинардың модераторлары: Апышева А.А., Шолпанбаева К.Ж., Белоусова Л. И., Немеренева К.Т. семинар мақсатымен таныстырып,  кейін кіріспе сөз кафедра меңгерушісі Апышева А.А. берілді,   ол өз сөзінде профессорлық-оқытушылар құрамымен таныстырды және семинарға табыс тіледі.

Семинар барысында шақырылған кәсіпорын өкілдері және профессор Шолпанбаева К. Ж. баяндама жасады. Сондай-ақ бухгалтерлік есептің өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.

Соңында қорытынды жасалып, семинар жұмысына қатысушылар баға берді.

Экономика және құқық  факультеті

Қазақ
× You found a Typo