Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Қуғын-сүргін құрбандары рухына тағзым» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні құрметіне орай С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі  жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізді.

-Қуғын-сүргін құрбандары – арыстай алаштың арыстары қазақ халқының тағдыры үшін отқа түскен боздақтар. Ашаршылық жылдары аштан қырылған қандастарымыздың өлімі – қазақ елінің қасіреті. Ал,  бүгінгі таңда олардың рухына бас иіп, тағзым ету біздің ұлттық парызымыз, – деп, қуғын-сүргін құрбандары рухының құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

Жиын барысында тәрбие бөлімі және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің басшысы Абдрасулин Р.О. «Қуғын-сүргін құрбандарының ерліктері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама мазмұны қуғын-сүргін құрбандарының қазақ халқының алдындағы ерліктері мен қайраткерлік болмыстарына арналды.

Тәрбие бөлімінің маманы Айтуғанова А.Н. «Қуғын-сүргін құрбандары рухына тағзым» тақырыбында баяндама жасап, қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары халық көрген қасіретті қиыншылықтарды ашық айтты. «Тарихи мәліметтерге жүгінсек, сонау зұлмат жылдарда Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазықсыз «халық жауы» атанып, соның 25 мыңы нақақтан атылып кете барды. Қызыл империяның қанды қылышы 1938-жылдың ерте көктемінде небәрі 2 аптаның ішінде қазақ елінің бүкіл саяси баскөтерерлерін қырқып түсті. ГУЛАГ құрамындағы Степлаг, Карлаг, АЛЖИР айдау орындарына Кеңес Одағынан 2 миллион адам қамалды» –  деп, ашаршылық құрбандарына қатысты тарихи мәліметтер келтірді.

Сондай-ақ тәрбие бөлімінің маманы Тураров С.Қ.  осы тақырып аясында баяндама жасап,  қуғын-сүргін жылдары қазақ халқы демографиялық жағынан халық санынан айырылып қана қойған жоқ, рухани тұрғыдан да тоқырауға ұшырады. Бірінен бірі қорқып, өз басының амандығы үшін бірін-бірі сатуға даярлық жасқаншақ философиясын қалыптастырды. Сайып келгенде, қазақ халқы ата-бабасынан мирас болып жеткен ұлттық мінез, қасиеттерінен айырылып, ұлттың мүддесі үшін күреспейтін болды. Қазақ қамы қара бастың қайғысына айналды. Осыдан келіп қазіргі уақытта ұлттық қасіретімізге айналған жақсы  қасиеттер өсіп-өнді» –  дей келіп, оның қазіргі таңдағы рухани зардаптарына тоқталды.

Жоғары колледж студенттері Алаш зиялылары жайлы сөз етті. Сонымен қатар студенттер «АЛЖИР» фильмін көріп,  кітапханадағы көрмемен танысты.

Қорыта айтқанда қазақ тарихындағы мұндай оқиғаны бүгінгі біздің тәуелсіз елдің жастары білуге міндетті. Сондықтан 1997 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен 31 мамыр «Ашаршылық пен қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күнін» өз дәрежесінде өткізіп, ата-бабаларды ұмытпауымыз керек.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі 

 

Қазақ
× You found a Typo