Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да құқықтық ағарту және студенттерді адалдыққа үйрету бойынша құрылымдар ашылды

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізген сауалнама нәтижесі түрлі мамандықтардағы 1-4 курс студенттері арасында жемқорлық көріністерінің анықталмағанын байқатты. 

Сондай-ақ, білім алушылардың 93 пайызы мемлекеттің коррупцияға қарсы саясатына сенім білдіретіні, 83 пайызы жемқорлықты азайтуға үлес қосуға әзір екені белгілі болған.

– Университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жіті көңіл бөлуде және ЖОО-лардың академиялық адалдық лигасымен, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен, облыстық ішкі саясат басқармасымен, прокуратурамен, Полиция департаментімен, өзге мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді, – деп мәлімдеді өткен оқу жылына арналған есептік баяндамасында ректор Мұхтар Төлеген.

ШҚМУ-да құқықтық ағарту және студенттерді адалдыққа үйрету бойынша құрылымдар ашылған. Айталық, «Sanaly urpaq» фронт-кеңсесі, коррупцияға қарсы технологиялар зертханасы, «Адалдық дүкені», «Адалдық кітапханасы», тәртіптік-коррупцияға қарсы кеңес, студентердің қоғамдық қабылдауы белсенді жұмыс істеуде.

Екі құқықтану кафедрасы 2016 жылдан барлық мамандықтарда «Коррупцияға қарсы мәдениет және адалдық», «Құқық негіздері» курстарын оқиды, «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін «Коррупцияға қарсы іс-қимыл негіздері» курсы тереңдетіле оқытылады.

Баспасөз орталығы

Қазақ
× You found a Typo