«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында ШҚМУ-дың 3, 4 курс студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатымен Күршім ауданы әкімімен кездесу өтті.
Іс-шараға жұмыспен қамту орталығы, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, білім беру бөлімі, кәсіпкерлер палатасының филиалы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ветеринария бөлімі, Күршім ауданының орталық ауруханасы.
Кездесуде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген мен Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов ынтымақтастық меморандумына қол қойды, құжат мақсаты – жас мамандарға жәрдемдесу және оларды жұмысқа орналастыру.
Сондай-ақ, кездесу аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, студенттер аудандағы бос жұмыс орындары, жұмысқа қабылдау шарттары мен талаптары, жас мамандарға ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер жайында ақпарат алды.
Аудан әкімдігінің өкілдері университет түлектері даярлығының сапасы жоғары екенін атап өтті. Келесі жылы өз қатарларын білікті мамандар толықтырарына сенім білдірді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы