Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Р. Орсаева «Қазақстандағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері» дөңгелек үстелін өткізді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Студенттер осы мәселені шешуге қатысты өз ойларын ортаға салып қана қоймай, құқықтық нормаларды қолдана отырып, жалпы қылмыстылықтың алдын алуға үлес қоса алатындарын паш етті.

Дөңгелек үстелге Экономика және құқық факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Рахметова мен тәрбие жөніндегі орынбасары А. Асубаева, кафедра оқытушылары қатысты.

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo