Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да қытайлық студенттер білім алып жүр

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына Қытайдың Пекин қаласындағы Орталық ұлттар университетінің екі студенті халықаралық академиялық ұтқырлық бойынша білім жалғастыруға келді.

Академиялық ұтқырлық университет дамуының негізгі бір бағыты болғандықтан бүгінде ішкі және сыртқы академиялық мобильділік бағдарламалары сәтті жүзеге асуда. Бұл бағдарлама – заманауи білім берудің ажырамас бөлігі. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасына аса мән беріледі.

Қытайлық студенттер ШҚМУ-ға ризалықтарын білдіруде. Жаңылсын Камал оқытушылардың дәрістерін, инновациялық әдіс-тәсілдерін, студенттермен қарым-қатынасын ұнатса, Айгүл Кенжехан студенттермен тез тіл табысып, мәдени шараларға қатысқандарын, қаланың көрікті жерлеріне де барғанын айтады.

– О. Бөкей атындағы қалалық кітапханаға, университеттің оқу залына үнемі барып тұрамыз. Тұрып жатқан №1 Студенттер үйі ұнады. Ауа райына  да үйреніп қалдық, – дейді шетелдік студенттер.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттердің халықаралық байланыс­тар орнатуына, тәжірибе алмасуына, тілдік даярлығын шыңдауына университетте көп мүмкіндік жасалған.

Қарлығаш Барбосынова,

мамандық эдвайзері

Қазақ
× You found a Typo