Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» І халықаралық вебинары өтті

Жуырда ұлы ойшылдың 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» І халықаралық вебинары өтті.

Бұл – «Гуманизм тарихы» халықаралық вебинары циклының алғашқы ғылыми іс-шарасы, оны биыл «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізеді.

Оған Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул, РФ), Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің (Бішкек), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Барлығы – 200 адам.

Вебинарда Әл-Фараби идеяларының қазіргі адамзат үшін өзектілігі айтылды. Бақыт ұғымы, оған жетудің құны туралы қызу пікірталас өрбіді. Студенттер бақыт мақсат бола ала ма, гуманизмнің мәні неде деген сауалдар төңірегінде ой таластырды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo