Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Шығыс Аристотелі» көрмесі ашылды

Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуіне орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми абонементінде (№1 оқу ғимараты, 103 дәрісхана) «Шығыс Аристотелі» көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Әл-Фарабидің трактаттары, орыс және қазақ тілдеріндегі философия тарихы, ол туралы жазған ғалымдардың кітаптары қойылды. Сондай-ақ, «Ақиқат», «Қазақ өркениеті», «Әл-Фараби атындағы ҚазҒУ хабаршысы» журналдарындағы мақалалар ұсынылған.

Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фарабидің ілім-білімге деген алғашқы ынтасы Отырарда, оның тамаша кітапханасында пайда болды. Кейіннен ол Шаш, Самарқан, Бұхара, Хорасан, Бағдат, Дамшық (Дамаск), Каир қалаларына барып білімін тереңдете түсті. 950 жылы Дамшық қаласында дүниеден озды.

Әл-Фараби – Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист-ғалым, ол астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, әлеуметтану, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге жуық трактат жазған.

Көрмеге шақырамыз, келіңіздер, көріңіздер!

Р. Төлеуханова,

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo