- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-да латын қарпіне көшу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған жұмыс тобы ұсыныстар қабылдады.
– Оқу орнымызда жұмыс тобы құрылды, ол топ ұсыныстар әзірлеуге қатысуда, – дейді ректордың м.а. И.В. Ровнякова.
Жұмыс тобы отырысындағы «Латын графикасына негізделген қазақ әліпби жобаларына тілтанымдық талдау» семинары нәтижесінде ұсыныстар қабылданды.
Топ мүшелері – қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары – ф.ғ.к., доцент А.Ә.Әлімхан, ф.ғ.д. А.Қартаева, ф.ғ.к., доцент Б.Бияров, ф.ғ.к., доцент А.Айтмұқашова, филология магистрі Ж.Қайырбаева.
Ұсыныстар арасында тұрғындарға латын қарпіне көшудің маңызын түсіндіру, оқушыларды қазақ жазуының тарихымен таныстыру, әзірлік жұмыстарын жүргізу бар. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері, мемлекеттік қызметшілер және т.б. үшін қысқамерзімді курстар, тақырыпқ ақатысты семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру ұсынылды.
ШҚМУ ғалымдарының айтуынша, жаңа әліпби негізінде жағрафиялық атаулар мен кісі есімдерін жазудың ғылыми принципін анықтау қажет.
Баспасөз қызметі