- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
14 қыркүйекте ШҚМУ-да латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс модератор оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор И.В.Ровнякованың кіріспе сөзімен басталды.
Жиын барысында қазақстандық лингвист-ғалымдардың аталмыш мәселеге қатысты пікір, көзқарастары ортаға салынып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды.
Университеттің латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
Жоспарға сәйкес қыркүйек айында ҚР Тілдер мерекесі аясында – Тілдер фестивалі; әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-нің профессоры, ф.ғ.д. Б.Момыновамен кездесу, Тілдерді дамыту басқармасы Лингвистикалық орталығымен білескен «Латын графикасы – ұлттық жаңғырудың жарқын болашағы» атты қалалық ғылыми-әдістемелік семинар т.б. іс-шаралар өтпек.
Университет ұжымы Елбасының латын әліпбиіне көшу жөніндегі идеясын қызу қолдап, аталмыш жоспарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға жұмыла кіріседі. жұмысқа орналастыру бөлімі
Әдістемелік жұмыс іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі