Экономика және құқық факультетінде «Әлеуметтік желілердегі экстремизм», «Толеранттылық – бейбітшілік пен бақуаттылық кілті» кураторлық сағаттары өтті.
Есеп және аудит мамандығының 3 курс кураторы, аға оқытушы К. Қонбаева мен осы мамандықтың 1 курс кураторы, доцент Г. Шолпанбаева студенттермен экстремизм мен терроризмнің тұлғаға әсері мәселесін талқылады.
20 ақпанға дейін кестеге сәйкес факультетте мерейтойлық даталарға байланысты кураторлық сағаттар өтеді, сондай-ақ патриотизм, толеранттылық, азаматтық ұстаным мәселелері талқыға салынады.
Экономика және құқық факультеті