Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да литвалық делегациямен кездесу өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Шяуляй университетінің және Ұлы Витаутас университетінің өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Мақсат – тәжірибе алмасу, білім саласында ынтымақтастық орнату.

Делегация құрамында – Шяуляй университетінің ректоры Донатас Юргайтис және халықаралық зерттеулер бойынша маманы, Erasmus үйлестірушісі Беатриче Пошкувене, Ұлы Витаутас университеті халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Илона Казлаускайте және аға маманы Елена Плотникова, Литваның Шығыс Қазақстандағы құрметті консулы Ғайнұр Тоқтаров.

Кездесуге ШҚМУ декандары мен ғалымдары қатысты.

Ректор М. Төлеген ЖОО тарихы, мамандықтары, университетте іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар – «Рухани жаңғыру», цифрландыру, үштілділік, гранттық қаржыландыру туралы айтып, студенттермен, оқытушылармен алмасу, қосдипломды білім беру бойынша әріптестік орнатуға әзір екенін жеткізді.

ШҚМУ декандары мен кафедралар өкілдері жобалар, ықтимал бірлескен қызмет бағыттары туралы хабарлады.

Д. Юргайтис Шяуляй университеті туралы әңгімелеп, Б. Пошкувене университет таныстырылымын көрсетті.

М. Төлеген мен Д. Юргайтис екі ЖОО арасында серіктестік орнатуға арналған ортақ бағыттардың көп екенін атап айтты.

Ұлы Витаутас университетінің мамандары өз ЖОО-ларын таныстырды.

Кездесу соңында меморандумдарға қол қойылып, қонақтарға естелік сыйлықтар тарту етілді.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo