Халықаралық логопедтер күні және психологтар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шақырылған қонақтардың ішінде тәжірибелік логопед, психолог мамандары болды.
Қатысушылардың назарына мектепке дейінгі білім беру мекемесі тәрбиеленушілерінің ғылыми жобалары қорғалды.
«Дефектология» мамандығының студенттеріне арналған мамандар тарапынан мастер-кластар өткізілді.
«Психология» мамандығының студенттері барлық зияткерлік сайыстарға қатысып, үздіктердің үздігі анықталды.
Жыл сайын өткізіліп отырған мерекелік іс-шараның ерекшелігін, дәстүрін терең айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер психология және коррекциялық педагогика кафедрасының ғылыми бағыттарымен танысты.
Е. Дергачёва,
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы